ВЫБОР КНИГ - 2027
Информационная система
Государственная программа
"Издание и распространение общественно-значимой литературы"
/ Жанры / Литература к юбилеям и знаменательным датам / "Қаһарман Әлия Молдағұлова"
0
"Қаһарман Әлия Молдағұлова"
Сәбит Шілдебай, Қайсар Көпіш
Литература к юбилеям и знаменательным датам
Язык: Казахский

«Қаһарман Әлия Молдағұлова»

кітап-альбом

Әлия Молдағұловаға (1925-1944 жж.) – 100 жыл

Кіріспе

Қазақтың қаһарман қызы 1925 ж. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі – Нұрмұхамет пен анасы Маржанның перзенті. Тағдырдың соққысымен 1933 ж. анасынан айырылды, ал 1935 ж. бастап сол кездегі Ленинград облысы Красногвардейский ауданындағы балалар үйін паналап, сонда тәрбелиенді. Сондағы №9 орта мектебінде оқыды. Сол кездің өзінде Әлияның үлгілі тәртібі мен қайтпас қайсар мінезі оның бойында атойлап тұратын.

Соғыс басталған кезде сол балалар үйі түгелімен Ярославль облысының Вятское селосына аударылды. Онда 7-ші сыныпты бітірісімен авияциялық техникумға түседі. Бірақ, көп ұзамай ақ бұрқ ете түскен соғыс хабары Әлияны да дүр сілкіндірді. Сөйтіп ол майданға аттануға өтініш жазды. 1943 ж. снайперлер дайындайтын орталық әйелдер мектебін аяқтайды. Сол жылы 54-ші арнайы атқыштар бригадасының 4-ші батальонының снайпері болды. Фашист әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көздерін жойған. Бірақ, 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысы Новосокольники ауданындағы Казачиха ауылында фашистермен арпалыс кезінде жау оғынан қаза тапты. Ол Новосокольникидегі Монакова ауылында жерленген. Сол жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың есімімен аталған Ресейде және Қазақстанда көптеген мектептер бар. Әскери кемелер, теплоходтар, музейлер атаулармен бірге көптеген қалаларда оның ескерткіштері тұр.

Әлияның адамгершілік бітімі мен қаһармандығы қазақ және орыс тілдерінде 30-дан астам әндер, 20-дан астам жырлар, көркем шығармалар және көркем фильмдер бар. «Әлия – Батыр қызы халқымның!»: деген ұранды сөз бүгінде қазақ халқының жүрегінде тұр. Бұл кітап-альбом қазақтың қаһарман қызының бейнелік мұраларын бүгінгі оқырмандарға жеткізуге арналады.