Баспалар мен авторлар назарына!
2024 жылға «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылатын кітаптарды қабылдау жалғасуда. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.
Сіздің бейініңіздің қауіпсіздігін арттыру және қорғау мақсатында Сізге авторизациялау барысында ЭЦҚ міндетті түрде қол қою қолданылатынын хабарлаймыз. Осы тәсіл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес енгізіледі.
Құжаттар мен ұсынылған шығармалар келесі кезең – дауыс беру кезеңіне жіберіледі. Дауыс беру кезеңі 2023 жылдың 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады.
Ескерту: Оқырмандар дауысының қорытындысын ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері ескереді. Оқырмандар дауысының қорытындысы шешуші рөл атқармайтынын ескертеміз. Сарапшылардың шешімі қайта қаралмайды.
Байланыс телефондары: 8-727-397-61-97, 8-775-815-96-00