КІТАПТАРДЫ ІРІКТЕУ - 2025
Ақпараттық жүйесі
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату"
мемлекеттік бағдарламасы

Баспалар мен авторлар назарына!

2025 жылға «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылатын кітаптарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.

Сіздің бейініңіздің қауіпсіздігін арттыру және қорғау мақсатында Сізге авторизациялау барысында ЭЦҚ міндетті түрде қол қою қолданылатынын хабарлаймыз. Осы тәсіл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес енгізіледі.

Құжаттар мен ұсынылған шығармалар келесі кезең – дауыс беру кезеңіне жіберіледі. Дауыс беру кезеңі 2024 жылдың 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады. 

Ескерту: Оқырмандар дауысының қорытындысын ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері ескереді. Оқырмандар дауысының қорытындысы шешуші рөл атқармайтынын ескертеміз.  Сарапшылардың шешімі қайта қаралмайды.

Байланыс телефондары: +7727 397-61-97


«Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару
және тарату қағидаларын бекіту туралы»

Толық мәтінді жүктеу